Кәсіпкер бұрынғы жұмысышысынан 1 миллион теңге бопсалаған

11:59, 17 қазан 2019

Ақмола облысында тәртіп сақшылары арнайы ұйымдастырылған жедел іс-шаралар кезінде бопсалауға қатысты қылмыстық әрекеттің жолын кескені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz ПД облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қазанда Ақмола облысы полиция департаменті Қылмыстық істер басқармасының қылмыстық топты құрықтау бөліміне физикалық және психологиялық тұрғыда қысым көрсетіп, ақша бопсалаушылар туралы шұғыл ақпарат келіп түсті.

Жәбірленуші өзін бопсалауға ат салысқан кәсіпкерде бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Біршама ақша жинаған соң ол өз кәсібін ашпақ болып, кәсіпорнын жұмыстан шығады.

Бұрынғы жұмысшысының кәсіп ашуға жинаған ақшасы барын біліп алған кәсіпкер оны үнемі қыспаққа алып, ақша бопсалай бастаған. Күдікті өз сыбайластарымен бірге оны ұрып-соғып, "өлтіреміз" деп қоқан-лорқы көрсетіп, 1 миллион теңгеден аса ақша талап еткен.

Полиция жасағы арнайы операция жүргізіп, жәбірленуші көлігін күдіктінің атына жазып бермек болып, құжаттарға қол қою кезінде ұсталды. Олар мұны «өтірік бізге қарызсың, соны қайтар» деп бопсаламақ алмақ болған.

Арнайы операция Көкшетау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізілді.Оған облыстық департаменттің криминалды полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету жасағының арнайы тобы қатысты.

Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 2-тармағына сәйкес, "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!