Кешегі кандидат Төлеутай Рахымбеков ел туралы анекдот шығарды

09:58, 19 маусым 2019

"Күлеміз бе, жылаймыз ба, оны енді өздеріңіз шешіңіздер", деп бастаған кешегі президент сайлауындағы кандидат Төлеутай Рахымбеков өзінің парақшасында қазіргі Қазақстанның шынайы өмірінен алынған қызық жазба қалдырды.

Оның анекдоты мынау:

"Шенеуніктің әйелі ірі бизнес-вумен атанып, миллиардерша болып кетті.
Ұлы – мемлекеттік корпорацияның президенті.
Қызы – ірі қордың басшысы.
Ал әлгі шенеунік азғантай жалақымен өз мекемесінде әлі отыр. Не деген неудачник еді, семьяның позоры".

"Өмірдің шындығы осы", деп түйіндейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!