Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

10:11, 27 қыркүйек 2024

© Сурет: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ұлытау өңіріндегі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде су қоймасын мемлекет меншігіне өткізу процесі аяқталуға жақын.


"Осы жылдың соңына дейін нысан министрліктің "Қазводхоз" республикалық кәсіпорнының балансына берілуі тиіс", — делінген хабарламада.

Қыркүйектің 24-і күні Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынын болжау жұмыстарын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!