Келгеннен кеткені көп: Биыл елден 20 мыңнан аса адам кетіп, 13 мың қандас Отанға оралған

09:47, 6 желтоқсан 2019
333

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, биыл 13 мың қандасымыз тарихи отанына оралған. Олардың басым бөлігі көрші Өзбекстанның еншісінде, Қытай - ІІ-орында. Монғолия мен Түркменістаннан да қоныс аударғандар бар, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Өзбекстан - 46%, Қытай - 34%, Монғолия - 7%, Түркменістан - 7%.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ КӨШІ-ҚОН ЖӨНІНДЕГІ МОНИТОРИНГ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Елге оралып жатқан қазақтар саны жыл сайын азайып жатыр. Мұның ең басты себебі олар сол жердегі жағдайды қанағат тұтады. Әрі, ол елдердің де өз азаматтарына байланысты түрлі бағдарламалары бар. Бұдан бөлек жергілікті халықпен ассмиляцияға ұшырап жатқандар да бар екенін айтуымыз керек.

Алайда Ақкөл ауданының тұрғыны ата қонысқа келгелі екі жыл өтсе де азаматтық ала алмай жүр. Өзбекстаннан қоныс аударған отбасы көші-қон қызметшілерінің қателігінен екі ай еңбек иммигранты ретінде тіркелуге мәжбүр болған. Қажетті құжаттарды әзірлеуге де көп уақыт жұмсағанын айтады.

АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Трудовой иммигрант болып екі ай жүрдік. Сол екі ай ішінде налог та төледік. Басқа жолы болмады. Екі айдан соң тұрақты тұруға құжат тапсырдық. Төрт ай өткеннен кейін ғана тұрақты тұру куәлігін алдық. Сол кезде ғана жұмысқа тұруға мүмкіндік туды. Азаматтық тапсырған кезде Қазақстан болғанымен бәрі орысша толтырылып 20 күнге созылып кетті. Енді күтіп отырмыз. Әлі азаматтық алған жоқпыз.

Көшті былай қойып, ел азаматтарының да шетелге бүйрегі бұрып тұр. Биыл сыртқа кеткендердің саны 20 мыңнан асады. Министр Біржан Нұрымбетов сыртқы миграцияның өршуіне тоқталды. Ол жат елге қоныс аударатындардың дені жайлы өмір іздеп, кетіп жатқанын айтты. Қазір шекара асып кететіндердің қарқынын басу үшін, түрлі бағдарламалар әзірленіп жатыр,-деді.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

- Халықтың сырт мемлекетке қызығушылық танытуы бізді алаңдатып отыр. Мықты мамандар өзімізде қалуы керек. Қазір еңбек күшін ынталандыру мақсатында түрлі жобалар әзірленіп жатыр. Әсіресе білім саласына басымдық берілген. Азаматтардың біліктілігін арттыруға жағдай жасалып жатыр. Тек, ол емес, әлеуметтік ахуалды арттыруға да күш салып жатырмыз.

Біржан Нұрымбетов бұдан бөлек аймақтарда халық санын теңестіру үшін қоныстандыру саясаты жүргізіліп жатқанын айтты. Соңғы бір жылда Солтүстік өңірлерге елдің Оңтүстігінен 7 мыңға жуық адам көшірілді. Оларға арнайы квоталар мен жұмыс орындары да қарастырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!