Кейінгі аптада «Нұр жолы» бекетінің көлік өткізу қабілеті едәуір артты

21:32, 20 наурыз 2023
126

© Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметте Қазақстан-Қытай шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінің тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кейінгі аптада "Нұр жолы" бекетінің өткізу қабілеті едәуір артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 19 наурызда:

  • ҚХР-дан ҚР-ға 680-ден астам жүк көлігі (13 наурызда шамамен 150 көлік);
  • ҚР-дан ҚХР-ға 140-қа жуық көлік өткен.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадағы кезек алғашқы күндері нақты 300 көліктен 20 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 70 көлікке дейін азайды. Қазақстан жағында көбіне Қытай визаларын алуды күтіп отырған тасымалдаушылар басым.

Премьер-министр Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл процесті жеделдету, сонымен бірге қазақстандық компанияларды халықаралық тасымалдарға шығуын оңайлату жөніндегі шараларды қабылдау қажет екенін айтты.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов шекаралық бақылау-өткізу бекеттеріндегі электрон кезекті қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауды және оңтайландыруды тапсырды. Оның айтуынша, бұл процесті ашық әрі тиімді жүргізу үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарту керек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!