Кеденде келеңсіз жайға тап болған жесір анаға қатысты апелляциялық сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды

10:27, 23 мамыр 2017
623

Майқапшағай кеден бекетінде 50 мың АҚШ долларға жуық ақшасы тәркіленген Гүлжан Мәуітханға қатысты апелляциялық сот отырысы 1 маусымда өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майқапшағай кеден бекетінде 50 мың АҚШ долларына жуық ақшасы тәркіленген Гүлжан Мәуітханның ісіне қатысты сот процесі өткен айда соңына жеткен болатын. Зайсан аудандық сотының үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің «экономикалық контрабанда» бабы бойынша кінәлі деп танылып, аталған соманың 40 мың АҚШ доллары мемлекет кірісіне өндірілген. Сондай-ақ, Гүлжан Мәуітханға 30 АЕК мөлшерінде (68070 теңге) айыппұл салынған.

Гүлжан Мәуітхан бұл үкіммен келіспей жоғарғы инстанцияға шағым түсіріп отыр. Осы іске қатысты аппеляциялық сот отырысы Өскемен қаласында Облыстық соттың ғимаратында 1 маусым күні өтетін болды.

Фото: buqara.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!