Кедейліктен шығуға кедергі келтіретін негізгі 4 себеп

16:59, 28 қараша 2022

© Сурет: Zakon.kz

Кедейлік деп әдетте адамның негізгі қажеттіліктерін өтеуге ақшасы жетпеуін, жағдайының болмауын айтамыз. Психологтардың айтуынша, адамдардың "кедейлік шырмауында" қалуының бірнеше себебі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Өзін-өзі бағаламау

Өзін-өзі бағалау адамға айтарлықтай әсер етеді. Өзін-өзі бағалауы төмен адам көбіне жақсы табыс таба алатынына сенбейді. Одан да сорақысы, тіпті ол өзін жоғары жалақыға, биік белеске, сапалы өмірге лайық көрмейді. Олар нашар жағдай жасайтын, жалақысы аз жұмысқа орналасады, жалақысын көтеруді сұрамайды. Сонымен қатар өзбағасы төмен адамды манипуляциялау оңай.

2. Күйзеліс

Күйзеліс кезінде барлық күш сонымен күреске сарқылады. Егер күйзеліс ұзақмерзімді болса, жағдай әлдеқайда нашар. Ол миға әсер етеді және есте сақтау қабілетін нашарлатады. Үнемі бірнәрсеге алаңдау мен уайымдай беру жағдайды саналы түрде бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі болады. Оның ішінде қаржыға қатысты шешімдерді қабылдауды қиындатады.

3. Үйренген дәрменсіздік

Адам дәрменсіз болып дүниеге келеді. Кейін ол қоршаған ортаның әсерінен өз іс-әрекетінің нәтиже беретініне сене бастайды. Бірақ кейде адам өз ісіне, жетістігіне мақтау сөз, марапаттау, нәтиже көрмей өседі де, есейгенде ол күресуді тоқтатып, бәріне көз жұмады. Қандай жағдай болса да, соған шыдап жүре береді. Оның ішінде кедейлік те бар.

4. Жағымсыз көзқарастар

Жағымсыз көзқарас кез келген дүниеден қалыптасып кетуі мүмкін - отбасыдан жеке тәжірибеден, кітаптардан және тағы басқа. Жағымсыз көзқарас адамды ешнәрсе істемеуге мәжбүрлейді. Мысалы, егер адамның "Барлық бай - қылмыскер" деген тұрақты көзқарасы, ойы болса және ол заңсыз әрекетке барғысы келмесе, онда көбірек табысқа ұмтылмайды, деп жазады Lifehacker.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!