Қазығұрт ауданында лицейдегі кикілжің салдарынан бір оқушы қайтыс болды

11:38, 20 ақпан 2020

2020 жылдың 18 ақпанында сағат 13:30 шамасында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейіндегі қазақ сыныбының екі оқушысы арасында кикілжің туындаған, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салдарынан жасөспірімнің біреуі құлап тұрмаған, ал екінші жасөспірім қорыққанынан үйіне қашып кеткен. Осы сәтте құлаған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Ал медициналық жедел жәрдем қызметі келгенде оқушының қайтыс болғаны анықталған.

Бұл жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 104-бабы "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған.

Ескерте кететін жайт, ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде дәйексіз жалған ақпар таратқан тұлғаға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!