«КазТрансГаз Аймақ» тарифтерді негізсіз көтерген – Қаржылық мониторинг агенттігі

17:35, 9 тамыз 2022
243

© Сурет: Zakon.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге болғаны анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалы газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. Нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалы газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф пен монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тергеу барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалды.

Нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді. Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылғы 1 тамыздан бастап газ бойынша төмендетілген тарифке көшті. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!