«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалы 65 млн теңгеге негізсіз пайда көрген

13:40, 2 маусым 2020

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қ.Қабдоловтың хабарлауы бойынша облыс прокуратурасы газ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Филиал "Табиғи монополиялар туралы" Заңның 24-бабының талаптарын бұзып, тұтынушылардан газ қосу қызметі үшін заңсыз төлемдерді талап етіп 2 жыл (2018-2019ж.ж.) ішінде 65 млн теңге кірістеген.

Осы заңсыз әрекеттері үшін Филиал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес (табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңге айыппұл мемлекетке өндірілді.

Прокуратураның араласуымен облыс тұрғындарына газ қосу қызметтері тегін жүргізілетін болды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды.

Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актісі негізінде 21 млн теңге көлемінде заңсыз алынған төлемдер кәсіпкерлердің жеке шоттарына кері қайтарылды, ал жеке тұлғаларға 44 млн теңге қайтарылу үстінде.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!