«Қазпоштаның» екі кассирі 80 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған
© Фото: Zakon.kz
Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша "Қазпошта" АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады.
Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.
Тергеу барысында "Қазпошта" АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды. Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.
Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.
Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:36, 26 қыркүйек 2024
Астанада тегін донерге 4 мың адам жиналған
-
22:57, 26 қыркүйек 2024
Қазақстанда бір кеште екінші көлік өртеніп кетті
-
22:17, 26 қыркүйек 2024
«Барыс» өз алаңында «Сочиден» басым түсті
-
22:12, 26 қыркүйек 2024
Футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
-
21:18, 26 қыркүйек 2024
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады