«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қайта құрылымдалғалы жатыр

09:47, 5 маусым 2020
185

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев "ҚазТрансГаз" және "ҚазТрансОйл" АҚ-ты "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы етуді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен "ҚазМұнайГаз" АҚ-тан "ҚазТрансГаз" мен "ҚазТрансОйлды" бөлек алып шығып, оны "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына еншілес ұйымдар ретінде қосу арқылы компанияны қайта құрылымдау туралы ұсыныстарды қолдаймын. Бұл "ҚазМұнайГазға" өзінің негізгі жұмысытары - барлауға, өндіруге және мұнай өңдеуге барынша назар бұруға мүмкіндік береді. Ал көлік компаниялары - көлік бағыттарын әртараптандыруды дамыту бойынша қолға алынады, - деді Н.Назарбаев.

Елбасы Үкіметке және Қорға осы мәселелерді тез қарастырып, шешуді тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір