ҚАЖ мекемелерінде кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдары жасақталуда

18:38, 22 мамыр 2020
791

ҚАЖ мекемелеріндегі кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі Айгерім Жанаманова департаментке қарасты түзеу мекемелеріндегі кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау мақсатында Алматы облысы Заречный ауылында және Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздармен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде сарбаздарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезіндегі конкурс негізінде қабылдау шаралары мен тәртіптері түсіндірілді. Құқық қорғау органындағы қатардағы кіші және аға басшы құрамға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен тестілеуден өткен, әскери-дәрігерлік комиссиядан жарамды деп танылған 35 (отыз бес) жасқа дейінгі азаматтар қабылданады.

Әділет подполковнигі А.Жанаманова №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздарға құқық қорғау органына қызметке қабылдаудың бұдан басқа да тәртіптерін жан-жақты түсіндірді. Осындай тиімді үгіт-насихат жүмысының нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі органына қызығушылық танытқан 78 сарбаздың жеке мәліметтері алынып, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекенжайы беріліп, құқық қорғау органына қызметке орналасу тәртіптері жазылған буклеттер таратылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!