ҚАЖ қызметкерлері сотталғанға паспорт ресімдеуге көмектесті

16:02, 14 қаңтар 2021

ШҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері сотталғанға паспорт ресімдеуге көмектесті. Қазір сотталған 31 жаста. Ол алғашқы төлқұжатын 31 жасында алып отыр, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сотталған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде үшінші жыл жазасын өтеп жатыр. 2017 жылы адам өлтіргені үшін ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған кезде оның жеке басын растайтын құжаттары болған жоқ. Ол азаматтығы жоқ адам ретінде сотталды.

Мекеме қызметкерлері сотталғанға төлқұжат алуға көмектесті. Сотталған алғаш рет куәлік алғанына қатты қуанды. Өйткені, құжаттардың болуы сотталғанға босатылғаннан кейін: әлеуметтік төлемдер алуға, некені тіркеуге, жұмыспен қамту қызметіне тіркеуге, жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

"Мен Ресей Федерациясында туғанмын, 4 жасымда анаммен Қазақстанға көшіп келдім. Әкем Ресейде қалды. Осы уақытқа дейін ҚР паспортын рәсімдей алмадым", - дейді сотталған.

Паспорт көші-қон қызметінің арнайы есеп бөлімінің қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ресімделді.

"Мен мекеме қызметкерлеріне көмек көрсетуде алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін бұл үлкен қуаныш. Босатылғаннан кейін мен жұмыс істей аламын, отбасын құра аламын, саяхаттап, мемлекетке пайдалы бола аламын", – деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылы мекеме қызметкерлері 38 сотталушыға құжаттар рәсімдеді, деді ШҚО бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!