Қазгидромет: Арыста радиациялық қауіп жоқ

17:29, 11 шілде 2019

Арыста жарылыстан кейін, қауіп сейілгенімен үйлеріне қайтуға бас тартқандар да болды. Өйткені кейбір адам онда радицация бар деп ойлайды. Әлеуметтік желіде тараған осындай негізсіз алып-қашпа әңгімелерге "Қазгидромет" мекемесінің Түркістан облысы бойынша филиалы нүкте қойды деп хабарлайды жергілікті Отырар телеарнасына сілтеме жасап Zakon.kz.

Бұл мекеме Арыста жарылыс болған аумақтағы ауаны, радиациялық орта мен судың сынамасын ұдайы тексеріп отыр екен.

"Судың сынамасын Арыстағы гидробекеттен, Шәуілдірден алдық. 48 көрсеткіш бойынша тексеріс болды, барлығы нормада. Радиациялық қауіп жоқ.

Мекеменің әрбір қызметкері Азаматтық қорғаныс кезінде атқарылатын гидрометеорологиялық шараларды жақсы біледі. Өйткені қандай да төтенше жағдай орын алса, сол аумақтың ауасы және судың құрамы міндетті түрде тексерілуі тиіс. Қорытынды оң болса ғана, халықтың тұруына рұқсат беріледі", - деді инженер-химик Неля Сәрсенбаева.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!