«ҚазАвтоЖолдың» жаңа төрағасы жалған нөмірлі көлікпен жүрген – БАҚ

17:11, 23 сәуір 2021
412

© Сурет: kaztag.kz

Кеше ғана "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған Асқар Маратұлының алты жыл бұрын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан автокөлікпен жүргені үшін бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын КазТАГ басылымы елдің есіне салып қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

2015 жылы 4 наурызда жарияланған жаңалыққа сәйкес, Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы жалған нөмірлі көлікпен ұсталып, бір жылға куәлігінен айырылған. Сот анықтағандай, 8 ақпанда Мұратұлы Зеренді ауылындағы орман аңшылық шаруашылығы маңында С508BV деген жалған нөмір тағылғанын біле тұра Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған.

2015-2017 жылдары Асқар Маратұлы Зеренді ауданының әкімі болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!