Қазалыда Елеу Көшербаевтың құрметіне халықаралық турнир өтіп жатыр

15:44, 23 қазан 2021

© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігі

23 қазанда Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы ХV дәстүрлі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген 200-ге тарта балуан бозкілемде бақтарын сынауда.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақ үшін дүбірлі доданың маңызы жоғары екенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың жеделхаты мен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың "Құттықтауын" жеткізді.

Мұнан соң Қазалы және Арал аудандарының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, жастар арасындағы грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Нұрым Дүйсенов те құттықтау сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, байрақты бәсеке Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр. Халықаралық турнир 24 қазанға дейін жалғасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!