Қазақтың үш футбол клубы Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

09:30, 30 шілде 2021

© Сурет: aladop.kz

"Тобыл" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде хорватиялық "Хайдук" клубын еш қиындықсыз жеңді. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 4:1 есебімен аяқталды, деп жазады aladop.kz.

Қос матчтың қорытындысы бойынша, есеп 3:3 болғандықтан, матч экстра-таймға ұласты. 118-минутта Асхат Тағыберген алыстан тамаша соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады. Александр Москаленко шәкірттері үшінші айналымда словакиялық "Жилина" командасымен кездеседі. Алғашқы матч 5 тамыз күні өтеді, ал жауапты матч 12 тамызға жоспарланған.

"Шахтер" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде румыниялық "Стяуа" клубымен кездесті. Армениядағы "Республикалық" стадионда өткен қарымта матч 2:1 есебімен аяқталды. Қос матчтың нәтижесі бойынша есеп тең болғандықтан, ойын экстра-таймға, одан әрі пенальти сериясына ұласты. Пенальти сериясында "кеншілердің" бағы жанды. "Шахтер" сапында Эдин Рустемович, Стефан Букорац, Иван Граф, Давид Атанаскоски, Айдос Тәттібаев пенальтиден мүлт кетпеді. Ал "Шахтер" қақпашысы Игорь Шацкий қарсылас ойыншының соққысын қайтара білді.

"Кеншілер" үшінші айналымда украиналық "Колос" командасымен күш сынасады.

Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" мен "Арис" командалары келесі айналымның жолдамасын сарапқа салды. Матч Грекиядағы "Клеантис Викелидиса" стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Ойынның 36-минутында Дмитриос Манос Непогодовтың қайтарған добын қақпаға қайта теуіп, командасын алға шығарды. Ал 78-минутта Лукас Саша баспен гол соғып, есепті еселеді. 86-минутта "Аристің" жартылай қорғаушысы Маттео Гарсия екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.

Қос матчтың қорытындысы бойынша есеп теңескендіктен (2:2), жанкүйерлер экстра-таймға куә болды. "Астана" 30-минут бойы он адаммен қалған "Арис" қақпасының кілтін таба алмады. Тек төреші қосқан соңғы бір минутта Энео Битри айып добынан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, жеңісті голдың авторы атанды.

Елордалық клуб келесі кезеңде финляндиялық КуПС командасымен кездеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!