Қазақстанның сұрауымен Польшада Ресей азаматы ұсталды

16:53, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

WEX криптовалюта биржасының бұрынғы басшысы Дмитрий Васильев Польшада ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, ол Ресейлік азамат болғанымен, экстрадициялауды Қазақстан талап етіп отыр.

Біздегі ақпаратқа сәйкес, Дмитрий В. (күдіктінің тегі Польша заңнамасына сәйкес аталмаған - ред.) Ресей азаматы, - деді Варшава аудандық прокуратурасының өкілі.

Оның айтуынша, Васильев "Интерпол рәсімі аясында Польша аумағында ұсталыпты".

Агенттік қызметкері "сұрауды Қазақстан жіберді" дейді.

Қазір Польша тарапы бұл мәселені зерттеуде, бірақ әлі шешім қабылдаған жоқ. Оған уақытша қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген хабарламада.

Бұрын Васильев биткоиндер мен басқа да криптовалюталар сатылатын WEX биржасының басшысы екені хабарланған болатын.

Ол Еуропалық Одақтан және әлемнің басқа аймақтарынан инвесторларға тиесілі 450 миллион доллар көлеміндегі ақшаның жоғалуына қатысы бар деп айыпталуда.

Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!