Қазақстанның өзіндік Ұлттық төлем жүйесі болады - Ерболат Досаев

10:52, 28 қаңтар 2020
280

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы осы жылдың күзіне дейін дайын болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесін ұлғайту - Ұлттық банктің басты басымдықтарының бірі, - деп атап өтті Досаев.

Осыған байланысты, оның айтуынша, Ұлттық банк мақсаттарына жету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Үкіметпен бірлесіп 2020 жылдың 1 қазанына дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді.

- Ұлттық төлем жүйесі барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді негізде құрылады, деп сендірді Ұлттық банк басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!