Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын жауады

10:16, 22 сәуір 2019

"Қазгидромент" РМК 22 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте - найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Қарағанды, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!