Қазақстанның күнтізбесінде малшылар күні пайда болады

15:30, 20 сәуір 2021
227

© Сурет: mgorod.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мереке күндері тізіміне толықтырулар енгізген ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі келесі тармақпен толықтырылсын:

"14-1. Мал бағушылар күні - маусымның екінші жексенбісі", делінген құжатта.

Құжаттағы түсініктемеде көрсетілгендей, жобаның мақсаты - еліміздегі мал бағушылар күні мерекесін бекіту, сонымен қатар мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру, оларды еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу .

Құжат 5 мамырға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!