Қазақстанның көп жерінде әлі де күн ыстық болады

09:55, 18 шілде 2019

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығысыңда атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Қарағанды, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанда, Ақтөбе облыстарыңда қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі, Жамбыл, Атырау, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарыңда қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!