Қазақстанның қанша азаматы 9 айда елін тастап кетті

09:48, 18 қазан 2019

Осы жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 31 287 адам кетті. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен (27 737 адам) салыстырғанда 3550 адамға көп, деп хабарлайды Camonitor.kz "Қазақстан Республикасының 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы" баяндамасына сілтеме жасап.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 11,9% азайды, ал кеткендер саны 12,8% артты.

Елдің негізгі көші-қон процесі ТМД елдері арасында жүруде. ТМД елдерінен келгендер 81,3% және осы елдерге кеткендердің үлесі 91% құрады.

Шетелге көшушілердің саны 23,5% артты. Аймақаралық көші-қонының оң сальдоға ие, ол еліміздің 5 аймағын қамтиды: Маңғыстау (644 адам), Павлодар (74 адам) облыстары және Нұр-Сұлтан (21981 адам), Алматы (24597 адам) және Шымкент (1230 адам) қалалары.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!