Қазақстанның қай оқу орны әлемнің үздік 200 университеті тізіміне енді

11:39, 9 тамыз 2022
348

© Сурет: akorda.kz

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның қай университеттері әлемнің ТОП-200 университетіне кіргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Университеттердің QS беделді рейтингіне (халықаралық рейтингінің ТОП-200 университеті – ред.) қатысуының тоғыз жылында оң динамика байқалды. 2013 жылы сегіз ЖОО қатысса, бүгінде олардың саны екі есеге артты. 2022 жылы рейтингіге16 қазақстандық ЖОО енді.Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Министрдің айтуынша, Топ-500 рейтингіне бес университет енген. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және ҚазҰАУ бар.

Топ-200-ге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті енді. 2021 жылы ол рейтінгіде 175-орында болса, 2022 жылы 150-орынға көтерілген.

Рейтингіге қатысатын университеттер санының тұрақты өсу үрдісі байқалады.Саясат Нұрбек

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!