Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

06:57, 16 қаңтар 2017

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек  солтүстік-шығыста және оңтүстікте тұрақсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде тұман. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде  көктайғақ болып, жел  күшейуі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, жел15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.   Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!