Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

07:00, 22 қазан 2017
436

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік өңірде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан,  Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында да кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.  Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!