Қазақстанның алты облысын қалың тұман басады

20:47, 3 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Оралда ертең түнде және таңертең тұман болады.

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман түседі. Жезқазғанда да таңертең және түнде тұман болады.

Синоптиктер Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен соғады, күндізгі екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстігінде тұман түседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!