Қазақстанға құс тұмауын жабайы жыл құстары әкелген болуы мүмкін

13:13, 28 қыркүйек 2020
349

Қазақстанның жеті облысында құс тұмауының таралуына байланысты, ҚР Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тұтынушыларға білуге қажетті негізгі фактілерге назар аударады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, H5N8 құс тұмауының өршуі Ақмола (703 бас құс қырылды); Жамбыл (238 бас құс); Қарағанды (102 бас құс); Қостанай (111 785 бас құс); Павлодар (2 753 бас құс); Солтүстік Қазақстан (107 655 бас құс); Түркістан (273 бас құс) облыстарында тіркелген. Жалпы, 20 мыңға жуық құс басы жеке қосалқы шаруашылықтарда және 200 мыңнан астам құс басы – құс фабрикаларында қырылды.

Мәселенің басталуының дәл себебін анықтау мүмкін болмай отыр. Сонымен бірге, ресми қорытындыларға сәйкес, аурудың көзі жабайы жыл құстары болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жұмыртқа бағытындағы құс өсіру кәсіпорындары құс басы ауруының таралуына жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда. Құс фабрикаларында қосымша дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, тікелей құс тұмауына қарсы құс басын жоспардан тыс вакцинациялау жүзеге асырылуда (бұл вакцинация міндетті тізімге кірмейді).

"Біз құс тұмауының жағдайы бақылауға алынады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта жеке аулаларда құсты тұмауға қарсы вакцинациялауын жүргізу қажет. Сондай-ақ, бұрын тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізбеген құс фабрикалары үшін вакциналар бөлу қажет, өйткені бұл аурудың соңғы өршуі Қазақстанда 2005 жылы тіркелген болатын. Сонымен қатар, құс фабрикаларының банкроттығына және жеке қосалқы шаруашылықтардың залалдарына жол бермеу үшін кәсіпорындардың және, құстардың өлім-жітімі орын алған жеке аулаларда құс ұстайтын адамдардың шығындарының орнын толтыру мәселелерін қарастыру қажет деп санаймыз", - деп атап өтті Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко.

Қауымдастық сонымен қатар аурудың тек мекиен тауықтардың арасында ғана таралатынына, ал бұл кезде бройлер құсының залалдану жағдайлары тіркелмегеніне назар аударады. Тиісінше, өнеркәсіптік өндірістің құс етін, сондай-ақ одан жасалған өнімдерді тұтыну халық үшін қауіп төндірмейді.

Бұдан басқа, бүгінгі күні дүкендердің сөрелерінде ұсынылған құс фабрикаларының өнімдері ветеринариялық тексеруден өтеді және тиісті сертификат болған жағдайда тамаққа қолдану үшін мүлдем қауіпсіз болып табылады.

Жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне келетін болсақ, індет жұмыртқа өндіру бағытындағы екі құс фабрикасында тіркелді. Қазіргі уақытта осы кәсіпорындардан өнімдерді жөнелту тоқтатылды. Жалпы, елімізде осындай 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың өнімдері қауіпсіздік пен сапаға толық тексеруден өтті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, құс тұмауы – бұл А типті тұмау вирусының штамдарынан туындаған құстардың жұқпалы ауруы. Инфекция құстарда белгілердің кең ауқымының пайда болуына әкелуі мүмкін – байқалмай өтетін жеңіл аурудан бастап, ауыр індеттерді тудыратын жылдам өлімге әкелетін ауруға дейін.

Әдетте құс тұмауының вирустары аурырған құстан адамға берілмейді. Дегенмен, кейбір жоғары патогенді штамдар адамдарда ауыр тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін. Жұқтыру жұқапаланған құстармен немесе ауру құстың саңырағымен ластанған заттармен тығыз байланыста болған кезде орын алады.

Бұл ретте құс етін және одан жасалған өнімдерді тамаққа қолдану тиісті гигиена және тамақ дайындау ережелерін сақтаған кезде қауіпсіз болып табылады. Сонымен, аурудың өршуіне ұшыраған аудандарда да құс еті мен өнімдерді, ДДСҰ-ның пікірінше, олар тамақты дайындау барысында тиісті түрде дайындалған және тиісті түрде өңделген шартымен тамаққа қауіптенбей қолдануға болады.

Сонымен бірге, тамақта дайындаған кезде шикі үй құсынан және одан жасалған шикі өнімдерден алынған сұйықтықтар тамаққа шикі түрінде қолданылатын азық-түлікке ешқашан тимейтінін немесе олармен араласпауын қадағалау керек. Шикі үй құсын және одан жасалған шикі өнімдерді өңдегеннен кейін қолды мұқият жуу керек, сонымен қатар олармен жанасатын жұмыс беттерін жуып, зарарсыздандыру керек.

ДДСҰ сарапшылары бұл жоғары патогенді штамдардың қыздыруға сезімтал екендігіне назар аударады. Әдетте тамақты вирус өлетіндей температурада (тағам өнімдерінің барлық бөліктерінде 70°C) дайындайды. Осылайша, жақсы қайнатылған немесе қуырылған құс ешқандай қауіп төндірмейді. Сондай-ақ, "жұмсақ қайнатылған" жұмыртқаны жеуге кеңес берілмейді.

Сондай-ақ, құс тұмауы дайындалған тағам арқылы берілмейді. Бүгінгі күні, тіпті құстың вируспен жұқтырылғаны жағдайында, тағамға тиісті түрде дайындалған құс етін немесе одан жасалған өнімдерді қолдану нәтижесінде әлдебіреу құс тұмауын жұқтырып алғаны туралы куәландыратын деректер жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!