Қазақстанға көшуге шешім қабылдаған ресейліктердің саны туралы мәлімет жарияланды

12:12, 17 тамыз 2022
196

Нұр-Сұлтан. 17 тамыз. 7kun.kz – Жыл басынан бері Қазақстанға тұрақты тұруға өтініш берген ресейліктер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе артқан. Бұл туралы «Курсив» басылымының ресми сауалына Ішкі істер министрлігі берген жауабында айтылды, деп хабарлайлы 7kun.kz.

2020 жылы cәйкес уақытта 2 610 өтініш түссе, 2021 жылы — 2 853. 2022 жылы ведомстволарға Ресей азаматтарынан 4 566 өтініш келіп түсті.

ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күнге дейін, ал тіркелсе 90 күнге дейін бола алады. Алғашқы үш күн ішінде тіркелу қажет. Шетелдік азаматтар 90 күн болғаннан кейін уақытша тұруға рұқсат немесе ықтиярхат алуға құжаттар тапсырулары керек.

Рұқсат алуға немесе ықтиярхат алуға өтініш берген Ресей Федерациясының азаматтары көбінесе Қарағанды ​​облысын (9 877 адам), Алматы (7 684), Шығыс Қазақстан (7 415), Қостанай (5 456) және Солтүстік Қазақстан (4 734) облыстарын таңдайды.

2022 жылы Ресейге тұрақты тұруға кеткен қазақстандықдар саны – 11 037. Осы кезеңде Қазақстанға 2 134 598 шетел азаматы – жұмысқа, оқуға, емделуге немесе туризм мақсатында келген. 2 529 424 шетел азаматы қайтып кеткен.

Көбінесе Өзбекстан азаматтары елде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш жасайды. Мәселен, 2022 жылы берілген 198 806 ЖСН-ның 91 454 өтініш өзбекстандықтардан, 74 371 ресейліктерден, 7 896 Тәжікстан азаматтарынан, 4 470 өтініш — қырғызстандықтардан, 1520 – украиндардан келіп түскен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!