Қазақстанға билер сотын қайтару ұсынылды

14:42, 13 шілде 2018

Жоғарғы Сот Төрағасының Кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен Қазақстанға билер сотын қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ойынша кез-келген кикілжін жағдайларды билер сотын қайтару арқылы шешуге болады.

Бұл мәселе күн тәртібінде тілге тиек етілуі тиіс. Билер сотын қайта жандандыруды сот төрағалары қолға алғандары абзал. Әрбір өңірде елге сыйлы, беделді азаматтар бар. Оларды медиация курсынан өткізіп, біліктіліктерін арттырып, би атағын беру керек. Сонда олар ешбір бюрократиясыз, сотсыз, сөздің құдыретіне жүгініп, туындаған даудың түйінің шешіп бере алады. Сонда қоғамдағы кикілжін азайып, сотқа жүктелген жұмыс жеңілдер еді, -деді Сүлеймен.

Ол ата-бабалардың бұл мұрасын қалпына келтіру керек деп ойлайды.

Құрметті сот төрағалары, бұл мәселені шешу сіздердің қолыңызда, -деп сөзін түйді Сүлеймен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!