Қазақстанға БАӘ-нен медициналық қорғаныс құралдары келді

22:09, 6 сәуір 2020

Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясы келіп жетті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі жылы және достық қарым-қатынастардың, сондай-ақ коронавируспен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің арқасында БАӘ-ден бортында жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын толық медициналық қорғаныс құралдары, жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бір реттік қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер және т.б. медициналық құралдар бар ұшақ келіп қонды.

Өзара қол ұшын созу аясында Қазақстанға бұған дейін де АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израиль секілді елдерден түрлі көмек көрсетілген еді.

Гуманитарлық көмек – бұл серіктестерге өзара қолдау көрсетудің жалпыға ортақ халықаралық тәжірибесі.

Тез тарайтын эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық алшақтығына қарамастан, түрлі көмек алу үшін өзара жүгінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!