Қазақстандықтарға Наурызды отбасы шеңберінде атап өтуге кеңес берілді

17:58, 3 наурыз 2021

© Сурет: inbusiness.kz

Қазақстандықтарға санитарлық нормаларды сақтау және Наурыз мейрамын отбасы аясында тойлау керектігі ескертілді, - деді брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біз үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбеуге, Наурызды отбасыңызбен тойлауға кеңес береміз. Естеріңізде болса, жаңа жылдық демалыстан кейін бізде КВИ-мен ауырғандар саны күрт артты. Міне, баршаны осыны есте сақтауға және санитарлық нормаларды сақтауға, маска киюге және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз, - деді Марат Шоранов.

Бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 717 жаңа жағдайы тіркелді.

Жалпы республикамыз бойынша 214 806 КВИ жағдайы расталды, ал емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 198 726.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!