Қазақстандықтарға қашаннан бастап ресейлік «Спутник V» вакцинасы салына бастайды

14:35, 4 желтоқсан 2020

Асқар Мамин Мемлекет басшысына Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасы өндірісінің жақында қолға алынатындығын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады. 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр" делінеді Ақорда хабарламасында.

Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қол жетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!