Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы желтоқсан айында 260,3 млрд теңгеге ұлғайды

18:10, 30 қаңтар 2023

© Сурет: Zakon.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2022 жылғы желтоқсанда 260,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 663,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Желтоқсанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7 793,4 млрд теңгеге дейін 104,6 млрд теңгеге ұлғайды", делінген орталық банк хабарламасында.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ шоттарды ескере отырып) 2023 жылғы 1 қаңтарда 10,9 млн шот болды.

Желтоқсанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 39,4 млрд теңгені құрады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтарда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 49,6%-ы және 19,6%-ы) алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!