Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

17:52, 26 қараша 2018
761

Биыл демалыс сенбі, 29 желтоқсаннан дүйсенбі – 31 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстанда 30 және 31 желтоқсан, сондай-ақ 1 және 2 қаңтар (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі) демалыс болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа, 2019 жылдың алғашқы жұмыс аптасы қысқа болады, ал екінші аптасында православтардың Рождество мерекесі тойланады: 7 қаңтарда қазақстандықтарға демалыс беріледі.

Қазақстанда желтоқсан айында мереке көп – 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді (ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні 3 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылды). Қазақстанның Тәуелсіздігі күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады (биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні – 18 желтоқсан).


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!