Қазақстандықтар визасыз қанша елге бара алады
Қазақстан Төлқұжаттар индексінде 67-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Henley & Partners компаниясы 8 қаңтар күні Төлқұжаттар индексінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Рейтинг визасыз режимге енгізілген соңғы өзгерістерден құрастырылады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан азаматтары әлемдегі 76 елге визасыз бара алады. Еліміз Индексте екі сатыға жоғарылап, 67-інші орынға орналастырылған. Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады.
Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Корея мен Сингапур (189 ел) тұр. Үздік үштік қатарына, сондай-ақ Германия мен Франция (188 ел) енген. Ресей - 48-орында (119 ел), Украина - 41 (128 ел), Беларусь - 66 (77 ел), Әзербайжан - 74 (66 ел), Өзбекстан - 80 (56 ел), Қырғызстан - 76 (64 ел), Тәжікстан - 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел). Henley & Partners компаниясының Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта 2006 жылдан бері жарияланып келеді.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:49, 20 сәуір 2024
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
-
09:39, 20 сәуір 2024
Төтенше жағдайлар жөніндегі министр түнде БҚО-ға қайта оралды
-
09:31, 20 сәуір 2024
Алматыда Республика сарайында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр
-
09:25, 20 сәуір 2024
Түнде қатты магниттік дауыл болды
-
22:53, 19 сәуір 2024
ҚМДБ Бишімбаевтың оқиғасынан кейін азаматтық некеге қатысты пәтуаны көптің есіне салды