Қазақстандықтар салық рақымшылығы аясында 13 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеді

18:01, 10 желтоқсан 2019

Қазақстандықтар салық рақымшылығы аясында 13 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Салықтық рақымшылық шеңберінде бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалар бойынша 568 446 өсімпұл есептен шығарылды,олар биылғы жылдың басынан бастап 12,843 млрд теңге мөлшеріндегі сомасын төлеп, 2,343 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды.

- 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 13,9 млрд теңгеге және негізгі борыш бойынша берешек сомасы 6,3 млрд теңгеге өсім сомасын қамтитын шамамен 1,4 млн адамды құрады, барлығы - 20,2 млрд. теңге.

2019 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша . биылғы жылдың басынан бастап 12,843 млрд теңге мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленген және 2,343 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылған 568 446 жеке тұлғаның өсімпұлы есептен шығарылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласына тиесілі: 97 430 жеке тұлға (ЖТ), Түркістан облысы – 66 731 ЖТ және Шымкент қаласы – 46 917 ЖТ. Ең азы - Атырау облысы – 15 253 , Қызылорда облысы – 14 466 және ШҚО – 13 102 ЖТ.

Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1015,9 млн теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн теңге, Алматы облысы бойынша – 139,7 млн теңге есептен шығарылды. Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 41,3 млн теңге, Қостанай облысы – 38,7 млн теңге, ШҚО – 36,7 млн теңге есептелінді. Мемлекеттік кіріс органдарының БАҚ үлгі-насихат жұмыстары, өңірлерде және де орталық деңгейде "салықтық рақымшылық" акциясы бойынша семинарлар жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін мына сілтеме бойынша біле алады, - дейді ведомствадағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!