Қазақстандықтар 113 млн теңгенің ескі банкноттарын айырбастады

13:35, 22 шілде 2021
900

© Сурет: zakon.kz

ҚР Ұлттық банкі 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар жалпы сомасы 113 млн теңгеден асатын 43 385 банкнота айырбасталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Банкноттарды ауыстыруға қатысты өтініштердің басым бөлігі Алматы (19,4%), Нұр-сұлтан (11,7%), Қарағанды облысының (7,2%) тұрғындарынан түсті. Айырбастауға қабылданған купюралардың негізгі үлесін – номиналы 500 теңгелік банкноттар (43,7%) құрайды, делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Айта кетейік, айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды ешқандай да шекті мерзімге қарамастан ҚҰБ-тың аумақтық филиалдарында айырбастауға болады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және оларды барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті, деп атап өтеді Ұлттық банктегілер.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққан жағдайда 3 жыл ішінде оны ҚҰБ филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері мен "Қазпошта" кеңселерінен де айырбастап алуға болады. Айналымнан алынған банкноттарды 3 жыл өткен соң ҚР ҰБ филиалдарында мерзімсіз айырбастауға болады.

Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс нөмірлері банк сайтында жазылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!