Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

09:59, 23 сәуір 2018

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге байланысты 28 сәуір (сенбі) жұмыс күні, ал 30 сәуір (дүйсенбі) демалыс күні болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 1 мамыр мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Яғни, 29-30 сәуір және 1 мамыр.

Сонымен қатар, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр - Жеңіс күніне байланысты, сенбі 5 мамыр жұмыс күні, ал сейсенбі 8 мамыр демалыс күні болып ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 5 мамыр жұмыс істеп, 6, 7, 8 және 9 мамыр төрт күн қатарынан демалады.

Жалпы мамыр айында, қазақстандықтар 11 күн демалады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!