Қазақстандық жұбайлар енді небәрі 3 күнде некеге тұра алады

13:28, 15 қаңтар 2019

Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда неке тіркеу рәсімін 1 айдан 3 күнге қысқарту жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Нормативті-құқықтық базаны жетілдіру негізінде 43 заң мен 10 кодексте 500 түзетуді қарастыратын заң жобасы әзірленген. Аталған заң жобасы ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары аясында көрсетілетін 121 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған бірқатар түзетулерден тұрады, - деді Дәурен Абаев.

Министр бірнеше мысал келтіріп өтті.

Бірінші - некені тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы бұрын 1 айға созылған процесті 3 жұмыс күнінде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Екінші - салық төлеушілердің артық төленген сомасын автоматты түрде қайтару қарастырылады. Үшіншіден - көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібін бір ғана нормативті акт - ережелер арқылы реттейтін түзетулер де пысықталып жатыр. Жалпы алғанда 3,5 мың стандарт пен регламент өзгертуге жолданады, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, түзетулердің аясында «пилоттық жоба» түсінігін енгізу жоспарланып отыр. Осылайша кейбір көрсетілетін қызметтер алдын-ала қолданылады. Тәуекелді тұстары анықталып, халыққа ыңғайлы жолдары қарастырылатын болады.

Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мерзімін қысқартады. Бүгінгі таңда осындай өзгертулер жарты жылға созылады. Сондай-ақ, осы арқылы әлеуметтік әсері бар мәселелерге байланысты тәуекелдерді төмендетеміз. Өйткені пилотты жобаны қажетті уақытта тоқтатуға және өзгертуге, азаматтарға кері әсер етпеуін қадағалауға мүмкіндік береді, - деп ойын қорытты Дәурен Абаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!