Қазақстандық жігіт 28 жыл бұрын бірге туған сыңарына іздеу салды

09:37, 13 тамыз 2018
487

Қазақстан азаматы Айдос Мұсабеков Семей қаласының перзентханасында дүниеге келген сыңарын іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Құрметті оқырмандар, мен өзімнің өмірбаянымды сіздермен бөлісейін -, деп шештім! Мен осыдан 28 жыл бұрын туылғанмын 14.01.1990 жылы. Анашымның айтуынша, Семей қаласының 2 роддомы. 7 ай толмай туылдық, 1300-1500 кг болып. Өте әлсіз болыптық. Мен егіздің сыңарымын! Оның аты - Жандос куалігі бойынша. Ал казір басқа шығар.Туылған күнінде де өзгеріс болуы мумкін. Егізімді шетінеп кетті деп әке- шешемді сендірген дәрігерлер мен медбикелер, анашымды сол Семей қаласының облыстық ауруханасына ауыстырып жіберіпті. Олар ең болмаса мені тірі алып қалайын деп, бар ойын маған бөліпті. Міне енді жақында бір себептер арқылы егізімнің ұрланғалы туралы естіп, есіміз кетті! Ол тірі, жоспарланып ұрланған деп естіп жатырмын.Мұндай қадамға не себеп болғанын түсінбедім. Анашыма өте қатты соққы болды! Әрине бұл өте қысқаша айтылған мәлімет. Документ бойынша да іздеп жатырмыз. Сіздерден сұранарым қолдарыңыздан келгенше маған ұқсайтын адамдарды танитын болсаңыздар немқұрайлы қарамаңыздаршы!

Қандай да бір ақпарат болса осы нөмірге хабарласуларыңызды сұрайды 87024470008.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!