Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы жарыста қола жүлдеге ие болды

15:58, 28 мамыр 2022
561

© Сурет: Instagram/dubovitskaya_nadya

АҚШ-тың Юджин қаласында жеңіл атлетикадан өткен "Гауһар лигасында" Надежда Дубовицкая қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Надежда Дубовицкая Prefontaine Classic (Eugene Diamond League-2022) "Гауһар лигасының" жарыстарында қола жүлдеге ие болды.

ШҚО өкілі биіктікке секіруде 1,93 метр нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Бұл қазақстандық спортшының "Гауһар лигасы" жарыстарында алғаш рет өнер көрсетуі екенін баса айта кетелік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!