Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатында үздік 20-ға енді

11:52, 21 қыркүйек 2021

© Сурет: instagram / fedorov_evgeniy

Бельгия тас жолдарында велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионатының үздік 20 спортшысының қатарына енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарыстың екінші күні 23 жасқа дейінгі велошабандоздар мен "Элита" санатындағы әйелдер стартқа шықты. Қазақстандықтар тек бір санатта: андерлар арасындағы жеке жарыста өнер көрсетті.

Қазақстанның 2021 жылғы чемпионы Евгений Федоров 20-шы болып келді. Игорь Чжан тізімде 37-ші орынға ілінді. Әлем чемпионы атағын Даниялық Йохан Прайс Пейтерсен алды.

Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!