Қазақстандық вакцина Өзбекстанда да өндірілуі мүмкін

13:21, 5 наурыз 2021

© Сурет: 24.kz

Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әбдухәкім Хажибаевпен келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Өзбекстанның фармацевтикалық кәсіпорындарының бірінде қазақстандық инцакцивті QazCovid-in вакцинасын өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз эпидемиямен күресте әріптестікті жандандыруды, осы тұрғыдағы жағдайларға жедел жауап беріп, әрекет етуде өзара тиімді іс-қимыл құруды, сондай-ақ қазіргі эпидемиялық ахуал және оны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы үнемі ақпарат алмасып отыруды ұсынамыз, - Алексей Цой.

3 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ресми делегация құрамымен Ташкентке барды, онда олар ел астанасындағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, фармацевтика саласындағы өзбек әріптестерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!