Қазақстандық ұстаздар шеберліктерін шыңдауда

11:39, 16 қаңтар 2019
600

Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы жолдауында Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту туралы нақты тапсырма берді. Жолдауды жүзеге асыру мақсатында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде "Педагогикалық шеберлік" қысқы мектебі ашылып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалпы білім беру пәндері мектебі ұйымдастырған жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ұстаздар қатысты. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тиімді тәсілдермен оқыту бойынша тәжірибе алмасып, фабрикация, фальсификация, имперсонация және т.б заманауи тақырыптарда сабақ алды.

"Қазіргі заманда білім алушының қызығушылығын оятып, мотивация жасау үшін әр оқытушы маман, педагог, психолог, жанашыр, қамқоршы, жетелеуші, үлгі болуы керек. Бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін өзге тілдерді екінші, үшінші тіл ретінде оқытудың креативті жолдарын пайдаланғаны жөн. Солардың бірі - кино-коуч және аффирмация. Кино-коуч тәсілінде ықпалды сауалдар қойылады. Бұл тәсілдің мақсаты тіл үйренушінің ақырғы шешімді қабылдауы мен мұқият тыңдауы арқылы өздігінен оқуға ынталандыру, әлеуетін толық ашу. Аффирмация әдісі күнделікті қолыңыздан келетін және сол сәтте өмір сүріп жатқаныңызды растайтын, жақсы сөздермен жұмыс жасауға негізделеді", - деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің доценті Қарлығаш Дюсупбаева.

Педагогикалық шеберлік қысқы мектебінің бағдарламасы аясында "APA Style", "Дәлелді сөз", "Кинокоуч", "Жеке брендинг", "Нетворкинг", "Интерактивті әдістер", "CLIL", "Academic reading and useful apps", "Helping students avoid plagiarism", "Paraphrasing skills", "Students’ work in groups : assessment criteria", "Computer-assisted language learning" тағы да өзге тақырыптар бойынша семинар-тренингтер өткізілді. Шақырылған қонақтар қатырында аффирмацияның шебері, психолог, Phd докторы Бота Байтукбаева, ораторлық шеберлік орталығының тренері Толқын Аманбек және Қазақстанда жеке брендингтің негізін қалап жүрген Айжан Қиманова бар.

Астана, Семей, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар және Қызылжардан келген (Петропавл) орта және жоғары оқу орындары әдіскерлері, психолог мамандары, ұстаздары қысқы мектептен алған тәжірибесімен шәкірттерімен бөліспек ниетте.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!