Қазақстандық студент Австрия президентімен нан дүкенінде селфи жасады

09:44, 23 қараша 2017
470

Қазақстандық студент Айя Шалқар Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен селфи жасады. Суретке екеуі де күліп түскен, - деп хабарлайды Today.kz.

Суретті Facebook желісіне Өркен Дінасылов жүктеген.

"Австрия президенті Александр Ван дер Беллен мен Қазақстаннан шыққан қарапайым студент Айя Шалқар нан дүкенінде", - деп жазған ол суреттің астына.

Айя Австрияда графикалық дизайн университетінде оқыған.

Желі қолданушылары ел президентінің күзетшісіз жүргеніне, нан дүкенінде студенттермен қатар тамақтанатынына таңырқап, пікір қалдырған.

Фото: today.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!