Қазақстандық спортшы қыз маунтинбайктан күміс медаль еншіледі

16:11, 24 қазан 2021
172

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Алина Сарқұлова маунтинбайктан Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды.

Түркияда маунтинбайктан Sakarya MTB Cup додасы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының мүшесі Алина Сарқұлова күміс жүлдеге ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша украиналық Ирина Попова топ жарды. Ал Тайланд өкілі Варинтхорн Фетпрапхан үздік үштікті түйіндеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!