Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының жарыс жолынан шығып қалды

22:12, 28 қазан 2021

© Сурет: Instagram/aiba_official

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық Нұрлан Сапарбай қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Сапарбай 92 келіден жоғары салмақта испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында боксшылар теңдей өнер көрсеткенімен, төрешілердің басым бөлігі испандық спортшыны мықты деп таныды.

Осылайша Нұрлан Сапарбай алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолынан шығып қалды.

28 қазанда кешкі сессияда тағы екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді:

57 келіге дейін салмақта Серік Теміржанов - Рейто Цуцуми (Жапония) - 22:45

67 келіге дейін салмақта Абылайхан Жүсіпов - Кристиан Паласиос (Венесуэла) - 00:00


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!