Қазақстандық шорт-трекші 500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты

17:09, 22 ақпан 2018
319

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, аталған сында өнер көрсеткен тағы екі спортшымыз Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша келесі кезеңге өтпей қалды. Денис өзінің тобында үшінші орынды иеленді (ары қарай екі үздік спортшы өтті), ал Нұрберген мәреге соңғы болып жетті.

Отандасымызбен бірге жүгірген венгриялық спортшы ереже бұзып, Абзалға кедергі жасағандықтан оған пенальти берілді, нәтижесінде Абзал Әжғалиев жартылай финалда өнер көрсету үшін қосымша мүмкіндікке ие болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!